Елордалық өрт сөндірушілер 4 адамды құтқарды

Бүгiн, 05:35
135
Бөлісу:
Елордалық өрт сөндірушілер 4 адамды құтқарды
Фото: Арман Мухатов -архив

Алматы ауданында Қордай көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде жиһаз бен үй заттары өрттенді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Өрттің ерте анықталуының және қалалық ТЖД өртке қарсы бөлімшелерінің уақтылы шақыртылуының арқасында өрт даму кезеңінде сөндірілді.

ТЖМ қызметкерлері баспалдақ маршымен 4 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарып, 28 адамды эвакуациялады. ТЖМ Аппаттар медицинасы орталығының қызметкерлері өрт шыққан пәтер қожайыны мен оның баласына психологиялық көмек көрсетті, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар  келген полиция қызметкерлері үйдің 3 тұрғынын эвакуациялады.

Зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы