Елордалық оқушы ерекше құрылғы ойлап тапты

Астана қаласының №49 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Сұлтан Ибраһим ерекше және инновациялық жоба ұсынып, ғылыми шығармашылығы мен техникаға деген қызығушылығын тағы бір рет дәлелдеді. Ол ұялы телефонды күн сәулесімен қуаттайтын құрылғы ойлап тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Астана қаласы Білім басқармасынан 26 Ақпан 2025 2025, 19:20
26 Ақпан 2025 2025, 19:20
1238
Фото: Астана қаласы Білім басқармасынан

Астана қаласының №49 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Сұлтан Ибраһим ерекше және инновациялық жоба ұсынып, ғылыми шығармашылығы мен техникаға деген қызығушылығын тағы бір рет дәлелдеді. Ол ұялы телефонды күн сәулесімен қуаттайтын құрылғы ойлап тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жобаның мақсаты – экологияны сақтау және энергетикалық ресурстарды үнемдеу.

Сұлтанның бұл құрылғысы күн энергиясын электр энергиясына айналдырып, ұялы телефондарды қуаттауға мүмкіндік береді. Құрылғының жұмысы күн сәулесін сіңіріп, арнайы панель арқылы электр энергиясын түрлендіреді, бұл энергия ұялы телефонды зарядтауға жеткілікті болады.

Сұлтан Ибраһимнің бұл бастамасы тек ғылыми жетістік қана емес, сонымен қатар экологиялық таза технологияның дамуына бағытталған маңызды қадам болып саналады.

Қазіргі уақытта күн энергиясы – әлемдегі ең таза және жаңартылатын энергия көздерінің бірі. Сондықтан да мұндай құрылғылар экологиялық мәселелерді шешуге және энергия тұтынудың тиімді әдістерін дамытуға ықпал етеді.

Наверх