Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа жылда қаланың емханалары мен ауруханалары штаттық режимде жұмыс істейді.
Бұл туралы брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында мереке күндері халыққа медициналық көмекті кезекші дәрігерлер көрсететін болады. Сондай-ақ, фильтр - кабинеттер, мобильді бригадалар үздіксіз жұмыс істейді, олар амбулаториялық пациенттердің үйіне баруды да жүзеге асырады, ПТР әдісімен тестілеуді өткізу жалғасады, – деп хабарлады Тимур Мұратов.
Алайда қалалық Денсаулық сақтау басшысы демалыс күндеріне байланысты емханалар жанындағы қызметтердің жұмыс кестесі аздап өзгеретінін атап өтті.
МСАК ұйымдарында пациенттерді қабылдау 1-4 қаңтар және 7 қаңтар күндері сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асырылады. Жалпы практика дәрігерлері ғана кезекшілікте болады, мерекелерде тар мамандарға бару мүмкін болмайды. Сүзгі-кабинеттерде кезекшілік ететін дәрігерлер кесте бойынша таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейтін болады. Амбулаториялық науқастарға 8:00 - ден 16:00-ге дейін қызмет көрсетуге болады, – деді спикер.
Мұратовтың айтуынша, қалалық стационарлар азаматтарды жұмыс күндеріндегідей тәулік бойы қабылдауды жалғастырады.
Әрине, мерекелік демалыс күндерін ескере отырып, барлық елордалық ауруханалар резервтік бейінді палаталарға бөле отырып, шұғыл және кейінге қалдыруға болмайтын медициналық көмек көрсету үшін күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. Жедел және консультациялық көмек көрсету үшін стационарлық көмекті жоғары білікті мамандар ұсынады, – деп қосты ол.
103 қызметі де өтініштерді қабылдау және қала тұрғындарының шақыруларына қызмет көрсету бойынша өз жұмысын тоқтатпайды. Диспетчерлер мен жедел жәрдем бригадаларының үздіксіз жұмысы тәулігіне 24 сағат қамтамасыз етіледі.