Елордалық дәрігерлер ер адамның бетіне күрделі ота жасады

3 Қазан 2022, 21:11
1079
Бөлісу:
Елордалық дәрігерлер ер адамның бетіне күрделі ота жасады

Елордада Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері оң жақты субокципиталды краниоэтомия, оң жақтамалық үштармақты  нервтің микроваскулярлық декомпрессиясын ретросигмоидты қол жеткізу арқылы операция жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елорда филиалының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес,  операциядан кейін науқастың жағдайы жақсарып, ауыруынан айыққан. 

Науқас Қабдырахман Әбікенұлын алты жылға жуық бетінің оң жағы ауырып мазалап келген екен. Алты жыл бойы науқас ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерді қабылдап, емдеудің түрлі әдістері қолданса да, тиісті нәтиже бермейді, бетінің ауырғаны қоймайды. Соңғы екі айда адам төзгісіз ауырсынулар одан да күшейе бастады. Ер адам миына МРТ жасатып, медициналық көмек алу үшін Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлеріне жүгінеді. 

Науқастың емдеуші дәрігері Шыңғыс Нұримановтың айтуынша, үштармақты нерв невралгиясы бет аймағында кенеттен ауырып бастайды, ауырсыну найзағай жарқылының жылдамдығындай болады және аяқ астынан тоқтайды. Ауырсыну  ұзақтығы 2-3 минуттан аз болады, бірақ бір күнде 20 ретке дейін қайталануы мүмкін. 

Ота пациентке тегін, яғни МӘМС жүйесінде квота бойынша жасалды. Бұл науқасқа біз оң жақты субокципиталды краниоэтомия, оң жақтамалық үштармақты  нервтің микроваскулярлық декомпрессиясын ретросигмоидты қол жеткізу арқылы операция жасадық. Операциядан кейін науқастың жағдайы жақсарды, ауырсыну тоқтады. Бұл ауру көбінесе 50 жастан асқан әйелдерде де, ерлерде де кездеседі. Аурудың пайда болуы адамның анатомиялық ерекшеліктерімен байланысты және жоғарғы церебральды артерияның үштармақты жүйке тамырының қысылуына байланысты, -деп түсіндірді Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирург-дәрігері Шыңғыс Нұриманов. 

Кейде ауырсыну әдеттегі бетті жуу, ауызды шаю, қырыну, тіпті бас пен мойынның қозғалысы кезінде де мазалаған.

Осы ауырсынуларға байланысты күнделікті тіршілік, өмір сүру  сапасы күрт нашарлай бастады, кез келген сәтте жаныңды қоярға жер таппай кететін ауырсынулар басталып кетуші еді. Бастапқы кезеңде ауырсынуды басатын дәрілер көмектесті. Бірақ уақыт өте келе мөлшерін қанша көбейтсе де, дәрілерден ешқандай көмек болмағандықтан, нейрохирургтарға келдім. МӘМС-тің арқасында отаға ақы төлемедім. Операциядан кейін ауырғаны қойды. Енді ауырсынуды басатын дәрілерсіз қалыпты өмірге ораламын деп үміттенемін. Жан шуағы мен қамқорлыққа бөлеген осы орталықтың барлық дәрігерлері мен медицина қызметкерлеріне алғыс білдіремін, - дейді өз жағдайымен бөліскен науқас Қабдырахман Әбікенұлы. 

Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің дәрігерлері үштармақты нервтің микроваскулярлық декомпрессиясы бойынша апта сайын 7-10 операция жасайды. Мұндай операциялық араласулардың оң және тиімді нәтижесіне заманауи диагностикалық және операциялық жабдықтар, микрохирургиялық техниканы меңгерген мамандар болған кезде қол жеткізуге болады.

Өзгелердің жаңалығы