Елордалық ауыр атлет Едіге Ембердінің асығы тағы да алшысынан түсті

22 Шілде 2022, 19:01
1969
Бөлісу:
Елордалық ауыр атлет Едіге  Ембердінің асығы тағы да алшысынан түсті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанның Ташкент қаласында жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтуде.

Чемпионатқа әлемнің 21 елінен 260-қа жуық ауыр атлетшілер қатысып жатыр. Еліміздің намысын 22 спортшы қорғауда.

Жасөспірімдер арасындағы жарыста 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша елордалық Едіге Емберді 136 келі зілтемірді серпе көтеруде күміс, 173 келі зілтемірді жұлқа көтеруде  алтынды қанжығалады.

Елордалық ауыр атлет Едіге  Ембердінің асығы тағы да алшысынан түсті

Осылайша, байрақты бәсекеде жерлесіміз Едіге  қоссайыстың 309   нәтижесімен Азия чемпионатының ең жоғары көрсеткіші бойынша жастар арасында ауыр атлетикадан әлемдік рекорд орнатты.

Айта кетейік, Едіге 1 ай бұрын Мексикада өткен Жастар арасындағы әлем чемпионатында 306 нәтижесімен рекорд қойған болатын.

Елордалық ауыр атлет Едіге  Ембердінің асығы тағы да алшысынан түсті

Бұған дейін  17 жасқа дейінгі  55 келі салмақ дәрежесіндегі отандастарымыз Ерасыл Умаров 228 кг қоссайыста қола жүлде иегері,  Дарья Балабаюк 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 86 кг зілтемірді жұлқа көтеруде күміс медаль иегері атанған болатын.

Елордалық ауыр атлет Едіге  Ембердінің асығы тағы да алшысынан түсті

Азамат Төлеген 150 келі зілтемірді жұлқа көтеруде 2 орын иегері атанса,  262 кг қоссайыста 3 орынға ие болды.

Елордалық ауыр атлет Едіге  Ембердінің асығы тағы да алшысынан түсті

Айта кетейік,  Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионаты 25 шілдеге дейін жалғасатын болады.

Спортшыларымызды шын жүректен жеңістерімен құттықтаймыз.

Өзгелердің жаңалығы