Елордалық әлжеліде заңсыз жолмен 342 млн теңге тапқан

25 Желтоқсан 2023, 13:30
714
Бөлісу:
Елордалық әлжеліде  заңсыз жолмен 342 млн теңге тапқан
Фото: Нұркен Алишев - архив

Елорда тұрғыны Telegram мессенджерінде цифрлық активтерді заңсыз ақшалай сыйақыға айырбастау қызметін ұйымдастырған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аса ірі көлемдегі цифрлық активтерді айырбастау саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметке қатысты қылмыстық істі ҚМА астаналық департаменті аяқтады.

Аталған азаматтың Қазақстан аумағында кепілдендірілген цифрлық активтерді сату/сатып алу туралы мессенджер арқылы хабарландыру жіберіп, крипто айырбастау қызметін ұсынғаны анықталды.

Осы әрекеттерімен ол жеке тұлғаларға, оның ішінде резидент еместерге Қазақстандағы кез келген қамтамасыз етілген еркін айырбасталатын валютаға қамтамасыз етілмеген электрондық цифрлық активтерді сатып алу мүмкіндігін ұсынды.

Ағымдағы жылдың ақпан-шілде айлары аралығында айырбастау пункт қызметін атқара отырып, ол 342 млн теңгеден астам сомаға USDT криптовалютасын қолма-қол ақшаға сатқан.

ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы