«30 игі іс»: Елорда тұрғыны үй кешенінің аумағында ағаш отырғызды

29 Сәуір 2021, 20:01
1440
Бөлісу:
«30 игі іс»: Елорда тұрғыны үй кешенінің аумағында ағаш отырғызды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» әлеуметтік және қайырымдылық іс-шаралары өтуде. 

Осы акцияның аясында «Тамыз» ТК аумағында 30 ағаш отырғызылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осы жылдың 28 сәуірінде «30 игі іс» акция аясында «Сарыарқа» ауданының әкімдігі, «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Астана жастары» КММ және волонтерлер күшімен елордадағы Тілендиев, 15/1 мекенжайында орналасқан «Тамыз» тұрғын үй кешенінің аумағында 30 ағаш отырғызылды.

Басты мақсат – қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру. Осылайша волонтерлер мен қызметкерлер сүйікті елордамыздың экологиялық дамуына өз үлесін қосып отыр.

Іс-шара барысында сенбілікке қатысушылардың бәрі санитарлық нормаларды сақтап, бетперделермен және қолғаптармен қамтамасыз етілді.

Еске сала кетейік, елордада «Бірге Таза Қазақстан» экологиялық айлығы өтіп жатыр, оның аясында қала аумағында 16 мың жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы