Елордалық сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін 9 адамнан вирус анықталды

8 Қаңтар 2021, 19:22
1303
Бөлісу:
Елордалық сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін 9 адамнан вирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада барлық сайлау учаскелері медициналық қорғаныс құралдарымен толық жабдықталған, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Қазіргі уақытта қалада 283 сайлау учаскесі орналасқан. Елорданың сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісованың айтуынша сайлау учаскелерінің бәрінде санитарлық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады.

Сайлау процесінің барлық қатысушылары үшін бізде жеке қорғаныс құралдары қарастырылған: маскалар, антисептиктер, қолғаптар. Адам көп жиналмас үшін арнайы шығу орындары қарастырылған. Комиссия мүшелері арнайы экранмен қорғалады. Қорғаныш әйнегі бар аймақ бақылаушылар, сенімді тұлғалар және БАҚ өкілдері үшін де ұйымдастырылған. Дауыс беру залында әр үш сағат сайын санитарлық өңдеу жүргізіледі. Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу алгоритміне сәйкес, 2021 жылғы 5-8 қаңтар аралығында елордада сайлау комиссияларының мүшелеріне, сенім білдірілген тұлғалар мен бақылаушыларға ПТР-тестілеу жүргізіледі. Бүгінгі таңда COVID-19 инфекцмясы бойынша 5386 адам тексерілді: сайлау комиссияларының 2992 мүшесі, 1823 байқаушы, 571 сенімді тұлға. Тексеру қорытындысы бойынша, сайлау комиссиясының 9 мүшесінде ПТР-тесттің оң нәтижесы анықталды, — деді Бақыт Бектемісова.

Естеріңізге сала кетейік, елорда коронавирустың таралу қарқыны бойынша «сары аймақта» орналасқан. Тұрғындар барлық шараларды, яғни бетперде киіп, қашықтықты сақтау керек.

Өзгелердің жаңалығы