Елордалық оқушыларға екпе салынатын орындар аталды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов оқушыларды коронавирусқа қарсы вакциналау қай жерлерде жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.</h4>

 9 Қараша 2021 2021, 19:08
9 Қараша 2021 2021, 19:08
1186

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов оқушыларды коронавирусқа қарсы вакциналау қай жерде жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутаттар қалада жасөспірімдерді вакциналау туралы ата-аналарды ақпараттандыру бойынша белсенді жұмыс басталғанын хабарлады. Осыған байланысты олар балаларды мектептерде емес, қала емханаларында егуді сұрады.

Бұл процедураны орындау үшін ата-аналардың келісімі керек. Сондай-ақ баланы ата-анасы ертіп келуі қажет. Бірінші кезеңде біз міндетті түрде тек емханада вакциналаймыз, өйткені вакцина жаңа, – деді елордалық ДСБ басшысы.

Наверх