Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда №54 қалалық мектептің үш сыныбының оқушылары демалыс күндерін көңілді және экологиялық тұрғыда өткізіп, «Таза ойындар» эко-квестіне қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелері арасында қайталама шикізатты жинау жарысының жеңімпаздары арнайы ұйымдастырылған «Таза ойындар» эко-квестіне қатысты. Іс-шара қаланың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасымен, ӨКМ Операторы және «Clean City NC» ЖШС-мен бірлесіп өткізілді.50 оқушы бірнеше командаға бөлініп, 5 станциядан қызықты маршруттан өтті. Қатысушылар үшін әр ойын нүктесінде эко-сайқымазақтар командасы көңілді тапсырмалар, эковикториналар, күрделі емес сынақтар күтіп тұрды және мектеп оқушыларының эко-саналы өмір салтының негіздерін қаншалықты білетіні тексерілді.
Тапқырлық пен теорияны тексеруден басқа, командалар өздерінің практикалық дағдыларын көрсетуі керек еді. Балалар қайталама шикізатты бөлек жинауды және қалдықтарды сары және жасыл контейнерлерге дұрыс сұрыптауды білетіндерін көрсетті.
Көңілді және танымдық экологиялық ойындар балалар арасында жақсы дәстүрге айналды. Эко-саналы өмір салты туралы көптеген жағымды эмоциялар мен жаңа білім алған қатысушылар ұйымдастырушыларға өз отбасыларында үлгі болуға және достары мен жақындарына дұрыс, экологиялық таза өмір салтын үйретуге уәде берді.
Ойын соңында барлық қатысушы командалар алғыс хаттармен, сондай-ақ екі велосипед сатып алуға 100 000 теңге ақшалай сертификаттармен марапатталды.