Елордалық оқушылар есірткінің зардабы туралы дәріс тыңдады

8 Желтоқсан 2021, 16:20
1401
Бөлісу:
Елордалық оқушылар есірткінің зардабы туралы дәріс тыңдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Ішкі істер министрлігінің «Еуразия бірінші» телеарнасымен бірлескен жобасы бастау алды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

​«Есірткісіз болашақ» бейне-сабақтары балалар қылмысының алдын алуға, жасөспірімдер арасында нашақорлықтың  жолын кесуге, синтетикалық есірткіге тосқауыл қоюға бағытталған.

​Алғашқы бейнесабақ Нұр-Сұлтан қаласында Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінде өткізілді.

Елордалық оқушылар есірткінің зардабы туралы дәріс тыңдады

​Есірткінің алдын алуға арналған шараға оқушылар арасында «Каникулы offline» комедиясы арқылы танылып жүрген Жастар театрының актері Мейірғат Амангелдин қатысып, оқушыларды саламатты өмір салтын ұстануға шақырды. Сонымен қатар оқушылар сүйікті актерлерінен өнер жолын таңдаудың қыр-сырын сұрап, қызықтырған сұрақтарына жауап алып жатты. Соңғы кезде «Егіз-лебіз» телевизиялық жобасы арқылы әншілік қырынан танылып жүрген актер оқушылардың сұрауы бойынша ән де шырқап берді.

​Есірткінің зардабы мен қылмыстық жауапкершіліктің  басталуы, әлеуметтік желідегі синтетикалық есірткінің жарнамалануы туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Профилактика және ведомствоаралық үйлестіру бөлімінің бастығы Сергей Ильиных интерактивті дәріс оқыды.

Елордалық оқушылар есірткінің зардабы туралы дәріс тыңдады

​Іс-шара барысында оқушылар дәрістен алған білімдерін жетілдіру үшін түрлі жағдаяттардан тұратын викториналық ойындар ойнады.  

​Сабақ соңында «Қазғарыш» мектебінің директоры Роза Болатаева полицейлер мен өнер иесіне алғысын білдіріп, бейнесабақтың жастар үшін тәлімі мен пайдасы мол болғанын айтты.  

Бұл жоба басқа өңірлерде де жалғасатын болады.

Өзгелердің жаңалығы