Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 18 сағат 02 минутта елордалық Өрт сөндіру қызметінің «101» пультіне Сарыарқа ауданы Қосшығұлұлы көшесінің көпқабатты үйлерінің бірінде 10-қабат биіктікте екі баланың балконнан ойыншықтар лақтырып ойнап тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.
Балалар үйде үлкендердің қарауынсыз қалған. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында АИК (автосаты) арқылы балалар құтқарылып, Полиция департаментінің қызметкерлеріне тапсырылды.
Еске сала кетсек, соңғы қайғылы оқиға осы жылдың 2 тамызында болды, Иманбаев көшесінің көпқабатты үйлерінің 8-қабатының терезесінен 4 жасар бала құлап, мерт болған.
Құрметті тұрғындар, елордалық ТЖД тағы да ескертеді:
- балаларды үлкендерсіз қарауынсыз қалдырмаңыздар!
- балаларға қауіпсіздік туралы ескертіңіздер!
- москиттік торларға сенбеңіздер!
- терезенің желдеткішіне тор орнатыңыздар!
- терезенің жанына жиһаз қоймаңыздар!