Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев елорданың сауда нысандарының өкілдерімен кездесті.
Кездесуге қатысушылар әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті үстеме баға мәселесін талқылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Осылайша, сауда қызметін реттеу туралы заң әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстеме бағасын белгілеуді көздейді, ол 15% - дан аспауға тиіс және нарық субъектілері арасындағы сатып алу-сату шарттарында міндетті түрде көрсетілуі қажет.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне баға белгілеу процесін қадағалау үшін осы жылдың тамыз айында азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі Өңірлік Комиссия құрылды. Комиссия құрамына ҚРҮ, прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдарының өкілдері кірді.
Айта кету керек, әлеуметтік маңызы бар азық – түлік өнімдеріне шекті сауда үстемесінің 15% - дан асып кету фактісі анықталған жағдайда бұзушылар ескерту алады, жыл ішінде қайта бұзушылық шағын бизнес субъектілері үшін 10 АЕК, орта бизнес өкілдері үшін 75 АЕК, ірі бизнес үшін 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.