Елордалық емханаларға 1,2 млн-нан астам адам тіркелген

26 Қараша 2021, 08:52
1297
Бөлісу:
Елордалық емханаларға 1,2 млн-нан астам адам тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Бекітілген халық тіркелімі" порталының мәліметтері бойынша, Нұр-Сұлтан қаласының алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелеріне бекітілген қала тұрғындарының саны 1 275 277 адамға жеткен.

Қазақстанда емханаларға тіркелу бойынша жыл сайынғы айлық науқан 15 қарашада аяқталды. Осы кезеңде медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын 247 мың адам пайдаланды, оның 2 мыңы емханаға алғаш рет тіркелді.

Бекіту науқанының қорытындысы бойынша, халықтың бөлінуін ескере отырып, Қор алдағы жылға арналған медициналық ұйымдарды қаржыландыру көлемін қалыптастырады. Науқан шеңберінде емхана ауысқан кезде азаматтар онда ТМККК және МӘМС бойынша көмекті 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ала алады. Осы уақытқа дейін оларға бұрынғы медициналық ұйымда қызмет көрсетіледі, – деп түсіндірді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры астаналық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Естеріңізге сала кетейік, тіркеу науқаны – емхананы ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі емес. Мұны жылына бір рет еркін таңдау құқығымен жасауға болады, сондай-ақ егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын жерін, жұмыс немесе оқу орнын ауыстырса, басқа елді мекенге көшсе немесе ол тұрған емхана қайта ұйымдастырылса немесе жойылса және т. б. жағдайларға байланысты ауыстыруға болады.


Өзгелердің жаңалығы