Елордалық 350 жасқа пәтер кілті табысталады

23 Қаңтар 2021, 16:31
1311
Бөлісу:
Елордалық 350 жасқа пәтер кілті табысталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтан қаласының жастарына жалға берілетін пәтер кілттері беріледі. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» хабарлады.

Тұрғын үй орталығы, «Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша өткен азаматтарды қоныстандыру 2021 жылғы 25 қаңтар күнінен бастап қоныстандыру кестесіне сәйкес жүзеге асырылатынын хабарлайды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бағдарлама бойынша өткен азаматтарға қоныстандыру күні мен уақыты туралы qatysu.zhilfond.kz сайтында 2021 жылдың 25 қаңтарына дейін жеке кабинетінде жарияланатын болады, сонда кіріп танысу қажет.

Еске салсақ, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй еліміздің астанасында, Алматы және Шымкент мегаполистерінде жүзеге асырылады. Елордада  2019 жылы жастарға жалға 1050 үй берілді. Ал 2020 жылы жалға берілетін пәтерлердің саны карантин салдарынан 350-ге қысқарды. Оған құжаттарды 1-6 желтоқсан аралығында қабылдап, нәтижесі өткен жылдың желтоқсан айының соңында жарияланды.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, биыл 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға 1050 жалдамалы пәтер беріледі.

Өзгелердің жаңалығы