Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда мектептерінің жоғары сынып оқушылары, колледж студенттері мен жоғары оқу орындарының студенттерінен тұратын 100 адам қаланың сакралды жерлерінің квестіне қатысты. Іс-шара Жастар жылын өткізу аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Шара ұйымдастырушылары "Астана Жастары" жастар ресурстық орталығы болып табылады. Квестке 14-20 жас аралығындағы мектептердің жоғары сынып оқушыларынан, колледж және жоғары оқу орындарының студенттерінен тұратын 100 адам қатысты.
Екі сағат ішінде қатысушылар елорданың 9 нысанында болып, берілген тапсырмаларды орындап, ойын басталған "Жастар" сарайына қайта келу керек болатын. Әрбір командаға жеке-жеке карта түрінде жоспарланған бағыт берілді.
Квест қорытындысы бойынша үш жүлделі орын анықталды, олардың иелері 150, 100 және 75 мың теңге көлемінде сыйақыға ие болды. Сондай-ақ қатысушыларға жұбаныш сыйлық түрінде атаулы футболкалар, бейсболкалар мен қоржындар табыс етілді.
Оқи отырыңыз: