Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Татуласу орталығында медиатор және психолог тегін қызмет көрсетеді. Бұл орталық елорда әкімшілігінің қолдауымен ҚР Жоғарғы сотының «Татуласу сотқа дейін, сотта» жобасы аясында ашылған, деп жазады Елорда Инфо.
Орталық мамандарының көрсетуінше, істі сотқа жеткізбей шешудің бірқатар артықшылықтары бар. Мысалы татуласу орталығының қызметіне жүгіну арқылы азаматтар уақыт пен қатар, қаржысын да үнемдейді. Өйткені талап арыз жазудың қажеті жоқ, мемлекеттік баж салығын да төлемейді. Ең бастысы қарым-қатынасқа сызат түспейді.
Дау туындаған мәселені орталықта бірге анықтап, кәсіби медиатор заңға сәйкес шешу жолдарын көрсетеді. Ашылғанына бір айдай уақыт болған орталыққа бүгінгі күні 150-ден астам адам көмекке жүгініп, 66-сы медиативті шешімге келді.
Орталық Ж.Нәжімеденов көшесі 10/2 мекенжайында орналасқан.