Елордалық тұрғынның денесі жол жиегінен табылды

25 Қараша 2019, 15:27
4746
Бөлісу:
Елордалық тұрғынның денесі жол жиегінен табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының полицейлері 31 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынын кім өлтіргенін анықтады. Бұл туралы аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Талғар ауданында жергілікті тұрғындар Алатау-Тұздыбастау автожолында ер адамның денесін тапқан. Ер адамды азаптап өлтіргені белгілі болды. Кісі өлімі бойынша іс қозғалып, қажетті іс-шаралар жүргізілді. 


Күдікті ретінде Талғар ауданының 43 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол қаза болған ер адамның алыс туысқаны болып шықты. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша ("Кісі өлтіру") сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде. 

Қылмыс құралы ретінде пышақ пен темір құбыр алынды.

Өзгелердің жаңалығы