Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік нан өндірушілер 24/7 режимінде жұмыс істейді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Елордалық әлеуметтік нан өндірушілер де "Біз біргеміз"акциясынан тыс қалмады. Наубайшылар күнделікті өнім уақытында дүкен сөрелеріне түсу үшін тәулік бойы жұмыс істейді.Жұмысым таңғы бесте басталады. Мен жұмысымның маңыздылығын өте жақсы түсінемін. Таңғы сегізден бастап нан сөреде болуы керек, өйткені біздің алғашқы сатып алушылар-аталар мен әжелер. Нанның уақытында жетуі үшін барынша жұмыс істеймін. Ата-анам менімен мақтанады, себебі нан – қасиетті өнім, - дейді жүргізуші-экспедитор Әбдукәрім Төлендиев.
"Астаналық Нан" ЖШС елордадағы әлеуметтік нанның басты өндірушісі болып табылады.
Осы қиын-қыстау кезеңде тұтынушылар алдындағы жауапкершілік пен маңыздылықты сезіне отырып, біз халыққа қол жетімді бағамен нан жеткізу үшін үздіксіз жұмыс істейміз. Барлық елорда тұрғындарын ауызбірлікке, шыдамдылыққа және ұйымшылдыққа шақырамыз! Біз бірге бұл сынақтарды жеңеміз, - дейді "Астаналық Нан" ЖШС-нің директоры Әбдрахым Төлендиев.
Кәсіпорын тәулігіне 20 тоннадан астам нан шығарады. Бұл ретте әлеуметтік нанның бағасы екі жылдан бері 80 теңге деңгейінде сақталып, сауда нүктелеріне жеткізілуде. Көптеген жылдан бері ай сайын мешіт арқылы мұқтаждарға 1 200 бөлке әлеуметтік нан тегін жеткізілуде.