Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық жамағат «Мектепке жол» акциясына үлес қосып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
Әзірет Сұлтан мешітінде көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан және жетім қалған 250 балаға демеушілердің қолдауымен оқу құралдары тарту етілді. Сондай-ақ, әр балаға 5000 теңгеден мектеп формасына қаржылай көмек көрсетілді.Бас шаһарда 11 Алла үйі бар. Олардың барлығы да дәстүрлі шараға қатысып, 1000-нан аса баланы мектепке дайындайды. Өткен жұмада бастау алған қайырымдылық акциясы 28 тамызға дейін жалғасады.
"Бұл біздің ниетіміз әрі білімге деген қолдауымыз деп санаймыз. Еліміз, халқымыз білімді болса, экономикамыз дамиды. Әлеуметтік жағдайы жақсарады. Сондықтан халқымыздың білімді болуына жасалып жатқан біздің қолдауымыз деп ойлаймын", - ҚМДБ төраға орынбасары, «Әзірет сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы.