Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 5 қаңтарынан бастап мүгедектер, мүгедек балалар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген тұлғалар санаттары бойынша санаториялық-курорттық емделуге жазылу ашылатын болады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
"Мүгедектер, мүгедек балалар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген тұлғалар" санатындағы азаматтарға жазылу ағымдағы жылдағыдай sankur.astana.kz сайтында, халыққа қызмет көрсету орталықтары беретін электрондық-цифрлық қолтаңбасы арқылы іске асырылады.
Санаториялық-курорттық емделуге қаңтар-наурыз айлары аралығына ниет білдіруші тұлғалар 2020 жылдың қаңтарында өтініш беріп үлгеруі керек. Ал 2020 жылдың сәуір айынан маусым айына дейін санаторлық-курорттық емделуге ниет білдіретін тұлғалар үшін жазба наурыз айында ашылады. Жазылуды жүзеге асырудың бұл тетігі бірінші кезекте адамдардың көп санын бір мезгілде қабылдау кезінде ғимаратта дүрлікпеге және қысымға жол бермеуге, сондай-ақ жазбаны жүзеге асырудың ыңғайлылығына және кезектің айқындығына бағытталғандығын атап өткен жөн.
Қосымша сұрақтармен Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына төменде көрсетілген нөмірлер бойынша ақпарат алуға болады:
"Алматы" ауданының тұрғындары үшін: 87056450638, 55-68-22;
"Сарыарқа" ауданының тұрғындары үшін: 87056450653, 55-68-40;
"Есіл" ауданының тұрғындары үшін: 87056450671, 55-68-34;
"Байқоңыр" ауданының тұрғындары үшін: 87056450692, 55-68-45.