Елордаға Pfizer вакцинасы жеткізілді

12 Қараша 2021, 11:40
1740
Бөлісу:
Елордаға Pfizer вакцинасы жеткізілді
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтандағы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына «Комирнати» (Pfizer) вакцинасының алғашқы 35100 дозасы әкелінді. Вакцина Денсаулық сақтау министрлігінің бөлу кестесіне сәйкес қаладағы емханаларға таратылады.  

Вакцинаны әкелерде температуралық режимнің барлық шартының сақталуын бақылауда ұстадық. Барлық қорап зауыттан шыққаннан бастап қоймаға дейінгі аралықта температуралық датчиктермен жабдықталды, - деп атап өтті қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Вакцинациялау бірінші кезекте медициналық мекемелерде, одан кейін мектептер мен ЖОО-да жүргізіледі.

Елордаға Pfizer вакцинасы жеткізілді

Барлығы  35100 доза келді. Яғни ол бірінші және екінші компоненттен тұрады. Әдеттегідей екіге бөлінеді. Вакцинациялау аралығы 21-28 күнді құрайды, - деді Әлия Рүстемова.

Comirnaty екпесі – америкалық Pfizer компаниясы мен Германияның BioNTech технологиялық компаниясы шығарған РНҚ-ға негізделген матрицалық вакцинаның (мРНҚ) сауда атауы. Вакцинация курсы 21-28 күн аралығымен енгізілетін екі дозаны қамтиды.

Comirnaty – Қазақстанда тіркелген алтыншы вакцина болып отыр.

Өзгелердің жаңалығы