Астанада қоғамдық көлік мәселелерін жақсарту бағытында кешенді әрі жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов айтты, деп хабарлады BAQ.KZ.
Бүгінде елорда тұрғындарының тең жартысы қоғамдық көлікті пайдаланса, жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төлеу тәсіліне жүз пайыз көшті.
Қоғамдық көліктің жүру уақытын қысқарту мақсатында 2 Bus Lane учаскесі (ұзындығы 4,3 км) енгізілді, 15 жаңа аялдама пункттері ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жеке автобус парктеріне 35 жаңа автобус сатып алынды.