Елордаға БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары келді

17 Наурыз 2023, 17:10
621
Бөлісу:
Елордаға БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары келді
Фото: Хабар24

Елордаға БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Фолькер Тюрк жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Хабар24 жазды. Ол алдымен өзінің Қазақстандағы әріптесі Артур Ластаевпен кездесті. Тараптар адам құқықтарын нығайту, азаптауға қарсы іс-қимыл сынды өзекті мәселелерді талқылады. 

Әсіресе, журналистердің құқығын қорғауға ерекше назар аударылды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда бірқатар БАҚ өкілдеріне шабуыл жасауды ұйымдастырды деген күдікпен бір топ адам ұсталған еді. 

Артур Ластаевтың пікірінше, бұл тұста құқық қорғау органдары өздерінің кәсібилігін көрсетті. Олар қылмыс жасаған күдіктілерді ғана емес, олардың ұйымдастырушыларын да тапты. 

Мен жоғарғы комиссарға қазір жүріп жатқан қылмыстық істер жайлы хабарладым. Мұнда журналситер мен блогерлердің және өзгеде тұлғаларды қорғау мәселесі жатыр. Біз бұл тергеулерді құптаймыз. Қылмыс жасаған кінәлілер лайықты жаза алып, әділ үкім шығады деп үміттенеміз. Жоғарғы комиссарға бұл жағынан да ақпарат беріп отырмыз, - деді ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев.

Өзгелердің жаңалығы