Елордаға блок-бекеттер қойылуы мүмкін бе?

4 Қараша 2020, 18:44
1640
Бөлісу:
Елордаға блок-бекеттер қойылуы мүмкін бе?
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Пандемия кезінде ана мен бала денсаулығын қорғауға» қатысты онлайн брифинг кезінде ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова қараша айының ортасынан бастап Нұр-Сұлтан қаласына блок-бекеттер қойылуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдай бойынша «жасыл» аймақта. Бұл әзірге қатаң карантиндік шаралар қабылданбайды дегенді білдіреді. Карантиндік шаралар өткен аптада қабылданған болатын. Елордадағы жағдай осы шаралар аясында әрекет етуге мүмкіндік беріп отыр. Егер шектеу шараларының қатаңдатылмауын қаласақ, онда әрқайсымызға тиісті санитарлық нормаларды мұқият сақтап жүруіміз қажет. Үйде де, жұмыста да, қоғамдық ортада да. Барлығы өзімізге байланысты, - деді ол.
 

Айжан Есмағамбетова брифинг барысында қазақстандықтарды профилактика талаптарын сақтауға шақырды.
 

Тиісті санитарлық нормаларды өзіміз сақтайық, айналамыздағылардан талап етейік. Тек сонда ғана эпиджағдайды бақылауда ұстауға болады. Әлем елдерінде не болып жатқанын естен шығармауымыз керек, - деді ол. 

 

Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният бұған дейін елімізде коронавирусты қайтадан жұқтырған жағдайлар турасында айтып берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы