Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанға БҰҰ делегациясы келді. 7-8 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Астана форматында» Сирия бойынша келіссөздердің кезекті раунды өтеді.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтанға БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы елшісі Гейр Педерсен жетті. Ол бұған дейін алдағы кездесуге қатысатынын қуаттаған болатын.
7-8 шілдеде өтетін «Астана форматындағы «Сирия бойынша келіссөздерге Сирия Араб Республикасы атынан Сыртқы істер министрлігінің басшысы, ал қарулы оппозициядан Ахмад Тома қатысады.
Келіссөздердің күн тәртібіне келесі мәселелер кіреді:
- Сириядағы, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық және санитарлық-эпидемиологиялық ахуал;
- Сирияға халықаралық ізгілік көмек көрсету;
- Женевадағы сириялық Конституциялық комитет жұмысының жандану перспективалары;
- тараптар арасындағы сенімді нығайту, оның ішінде тұтқындармен алмасу, кепілге алынғандарды босату және із-түзсіз жоғалғандарды іздеу.