Елордадағы Жастар театрында ерекше премьера өтті

Елордадағы Жастар театрында «Адасқан ұлыңды жазғыра көрме, Жаратқан!» драмасының премьерасы қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

12 Наурыз 2023 2023, 20:50
АВТОР
 Видеодан скриншот/instagram/zhastar_teatry 12 Наурыз 2023 2023, 20:50
12 Наурыз 2023 2023, 20:50
1331
Фото: Видеодан скриншот/instagram/zhastar_teatry

Елордадағы Жастар театрында «Адасқан ұлыңды жазғыра көрме, Жаратқан!» драмасының премьерасы қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айта кетерлігі, қойылым авторлары – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ермек Аманшаев және Нариман Төребаев. 

Драмаға тіршіліктің тауқыметінен ерте есейген ұлдың тағдыры арқау болған. Әке мен бала арасындағы көзге көрінбейтін нәзік байланыс турасында ой толғайды. Жалғанның бір сәттік қызығына мастанып, перзентінің тәрбиесіне араласпаған әкені сергелдеңге салып, тұңғиыққа батырған мұң көркем бейнеленген.  

Драманың қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрқанат Жақыпбай. 

Қойылым ілеспе аудармамен қамтылды. 

Наверх