Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен ТЖ алдын алу және болдырмау жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Күн тәртібінде көтерілген мәселелер: коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар, шағын және орта бизнес субъектілерінің, сондай-ақ демалыс және мереке күндері елорда тұрғындары арасында карантин шараларын сақтау бойынша мобильді топтардың жұмысы.
Нұр-Сұлтан қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жанна Пірәлиева атап өткендей, қалада әлі күнге дейін КВИ жұқтыру қаупі сақталып отыр. Мәселен, өткен тәулікте елордада науқастардың саны артты: ПТР-тест нәтижесі бойынша ауру қаланың 106 тұрғынынан анықталған.
Бүгінде кәсіпкерлік субъектілері бойынша рейдтер апта сайын жүргізіледі, мониторингтік топ бірқатар бұзушылықтарды анықтайды.
КВИ-дің одан әрі таралу қаупі жоғарылауына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары бірқатар шара қабылдауды тапсырды. Бірінші кезекте мобильді топтардың жұмысы күшейтіледі.
Дәмханалар, мейрамханалар және басқа да ойын-сауық орындары алдағы мерекелерге байланысты режимді бұзбауы керек. Бұл мәселе ерекше бақылауда болады. Тұрғындарға демалыс күндерін отбасылық ортада өткізуге кеңес беріледі, өйткені COVID-19 жұқтыру қаупі әлі де жоғары. Карантин режимін бұзу фактілері анықталған жағдайда кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ойын-сауық мекемелерінде жиі кездеседі. Осы объектілерді жабу бойынша шаралар қабылданатын болады, - деп атап өтілді.Естеріңізге сала кетейік, маска тағу, санитайзерлерді пайдалану және қашықтықты сақтау келушілер үшін де, мекеме басшылығы үшін де маңызды. Талаптарды орындамағаны үшін кәсіпкерлерге де, клиенттерге де айыппұл салынады.