Елордадағы СОО-лардың бірінде вакцинация пункті жабылады

14 Наурыз 2022, 21:01
1311
Бөлісу:
Елордадағы СОО-лардың бірінде вакцинация пункті жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Asia Park» СОО-да орналасқан екпе пункті 2022 жылдың 15 наурызынан бастап қала тұрғындарын КВИ-ға қарсы вакциналау және ревакцинациялау жұмысын тоқтатады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, «Asia Park» СОО-дағы екпе пункті өткен жылдың жазында азаматтарды коронавирусқа қарсы вакцинациялаумен жаппай қамту үшін ашылған болатын.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы орталық өкілдеріне елордалықтардың денсаулығын жақсарту үшін бірлескен жұмысы, вакцинацияны ынталандыру мақсатында өткізілген акциялар мен ұтыс ойындары үшін алғыс білдірді.

Қазіргі уақытта қала тұрғындары 26 алғашқы көмек көрсету ұйымында, «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалында, үш сауда кешенінде – «Керуен», «Абу Даби Плаза», «Евразия» екпе ала алады.

Өзгелердің жаңалығы