Елордадағы "Қараөткел" көпірі бір аптаға жабылды

Бүгiн, 18:30
137
Бөлісу:
Елордадағы "Қараөткел" көпірі бір аптаға жабылды
Фото: wikipedia.org

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қалқаман көшесінен «Қараөткел» көпіріне дейінгі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты, 12-18 тамыз күндері жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асырылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы