Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 6, 7, 8 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры көрнекті жазушы-драматург Михайл Булгаковтың 130 жылдығына орай «Өлі жандар» қойылымның премьерасын көрермен назарына ұсынады.
Туындыны қазақ тіліне аударған Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Гүлнар Салықбай. Қоюшы-режиссері театрдың жас режиссері – Ерназар Жаңатілек.
Классик М.Булгаковтың «Өлі жaндap» пьесасы қоғамның өзекті мәселелерін көтереді. Солардың бірі - сыбайлас жемқорлық. Ол мемлекетті құлдыратып, жетістіктерді жоққа шығарып, адамдардың рухани өміріне қауіп төндіретіні індет. Туындыда өзекті мәселелер ащы әзілмен, ойлы күлкімен айтылып, көрерменді шынайылық, адалдық әлемінің тереңіне бойлатады, - делінген хабарламада.
Рольдерде: Чичиков ролін - «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Асылхан Төлепов пен Аман Ғұмаров, Манилов - Абзал Арапов, Михаил Семенович Собакевич - Азамат Болатов, Плюшкин - Ақәділ Иманғали, Ноздрев - Қазыбек Есқара, Настасья Петровна Коробочка - Мақпал Дүйсен, Илья Ильич - Шалқар Мұралтай, Полицеймейстер - Саламат Мұқашев, Қамқоршылық кеңесінің хатшысы - Талғат Кеңес, Мавра -Альфия Хайзуллиева, Мижуев - Әлихан Әлішер, Петрушка - Еламан Иманбаев, Селифан - Аққанат Қуандық.
Қойылым тобы: Қоюшы-режиссері - Е.Жаңатілек, Қоюшы хореограф -Уәлитбек Сиязбек, Костюм суретшісі - Іңкәр Каримова, режиссердің ассистенті - Еламан Иманбаев, режиссердің көмекшісі - Аққанат Қуандықов және көпшілік сахнада театр артистері ойнайды.