Елордадағы Күләш Байсейітова көшесі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Күләш Байсейітова көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысын бастайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады. </p>

 10 Шілде 2021 2021, 18:31
10 Шілде 2021 2021, 18:31
3148

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Күләш Байсейітова көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысын бастайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Биыл 10-27 шілде аралығында Күләш Байсейітова көшесінің Конституция көшесінен Фахд бен Абдул Азиз көшесіне дейінгі бөлігі ішінара жабылады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз, - делінген көлік басқармасының хабарламасында.

Наверх