Елордадағы ерекше концерт

4 Шілде 2021, 23:05
2153
Бөлісу:
Елордадағы ерекше концерт

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда күніне орай 1-6 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласының елді мекендерінде «Думанды керуен» көшпелі концерті өтеді. Айта кету керек, өнер көрсететін әртістердің бәрінде КВИ-ге теріс нәтижесі бар ПТР-тестілер бар, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Көшпелі концертті қала әкімдігі мен Нұр-Сұлтан мемлекеттік академиялық филармониясы ұйымдастырды.

Баршаңызды келе жатқан мереке – Елорда күнімен құттықтаймыз! Әр отбасыға зор денсаулық, береке тілейміз. Біздің әртістер қаланың төрт ауданындағы тұрғын үй массивтерінде көшпелі концерт өткізеді. Бүгін, мысалы, Көктал-1-де өнер көрсеттік. Мерекелік шара 6 шілдеге дейін жалғасады, — деді Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының бөлім басшысы Сабыржан Сейілхан.

Қала тұрғындары әртістерді жылы қарсы алып, қол шапалақтап, сүйікті әндерін қосылып шырқауда. Айта кетейік, Елорда күнін мерекелеу әлеуметтік жобаларға арналады және тек әлеуметтік сипатқа ие. Бұл, мысалы, халықтың әлеуметтік осал топтарынан кезекте тұрғандарға кілттерді табыстау, құрылысы ұзаққа созылған 20-ға жуық үйді аяқтау және Көктал тұрғын үй массивіндегі ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын аяқтау және пайдалануға беру.

Бұдан бөлек, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша ашылады, 50-ден астам ауланың, 10-ға жуық қоғамдық кеңістіктің құрылысы аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы