Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жастар» театрында «Жастықтың оты жалындап...» атты республикалық жыр бәйгесінің марапаттау рәсімі өтеді, деп хабарлады қалалық мәдениет және спорт басқармасы.
Шараның мақсаты - Жастар жылы аясында талантты жастарды қолдау, бірлікті, елдікті жырлаған жалынды жастардың шығармаларын оқырман қауымға насихаттау, тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері мен бағындырған белестерін жырға қосу."Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин мұражайы осымен тоғызыншы рет өткізгелі отырған дәстүрлі мүшәйраға еліміздің барлық аймақтарынан ақындар шақырылады. Тәуелсіздік аясында еркін тыныстап, өз алдымызға шаңырақ көтеріп, ту тігіп, елдігімізді әлемге әйгілеп отырғанымызға ширек ғасырдан асты. Елбасы биылғы жылды «Жастар жылы» деп айрықша атауы да жастарға деген зор құрметті білдіреді. Жастар – қай заманда болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы", - делінген таратылған ақпаратта.