Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Терезеден құлау - бала жарақаты мен өлімінің негізгі себептерінің бірі, әсіресе, қала жағдайында терезеден құлау қаупіне 2-ден 7 жасқа дейінгі балалар ұшырайды,деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ТЖД баспасөз қызметі.
Кезекті оқиға Сарыарқа ауданы Көктал ТК болды, 2 қабатты тұрғын үйдің тор көзінен ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылғы туған бала құлап түсті. Баланың жағдайы орта деңгейлі жарақат деген диагнозымен аурухана жатқызылды.2020 жылдың басынан бастап баланың терезеден 14 құлау жағдайы тіркелді (оның ішінде 2- уі көз жұмды), - делінген хабарламада.
Статистика көрсеткендей, көп жағдайда балалардың құлауы балалардың ата-анасының қарауынсыз қалуы және жақын маңдағы ересектердің немқұрайлылығы себебінен болады.
Балаларды терезеден құлау жағдайынан қалай сақтауымыз керек?
• 1. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз, терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру кезінде орын алады.
• 2. Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыз.
• 3. Терезедегі москиттік торларға сенбеңіз! Олар құлаудан сақтауға арналмаған. Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады, балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлайды және терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Ең сапалы тордың өзі баланың салмағы мен қысымды көтере алмайды.
• 4. Егер балаңыз бөлмеде болса, терезені және балкон есігін ашпаңыз. Жоғарғы желдеткіштерді немесе тік желдету режимін пайдаланыңыз.
• 5.Бала терезені өз еркімен аша алмау үшін, терезелеріңізге арнайы бекіткіштер орнатыңыз!
• 6. Терезені қорғаныз, құлпы бар тұтқа немесе тарақ-бұғаттағышорнатыңыз.
• 7. Егер Сіз балаңызға терезеден бір нәрсе көрсететін болсаңыз, оны мықтылап ұстаңыз, баланың шұғыл қимылдарына дайын болыңыз, алақанды құрғақ ұстаңыз, баланы киімнен ұстамаңыз.
• 8. Егер бекіткіш және сақтандыру құралдарын орнату мүмкіндігі болмаса, бұранданы, тұтқаларды бұрауышпен бұраңыз, бұрауышты қажет болған жағдайда және қолданғаннан кейін бірден алып тастай отырып, оларды жоғарыға қойыңыз.
• 9. Балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйретіңіз. Балалардың үлкендерін өзінен кіші балаларға қарауға үйретіңіз.