Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды.
«English speaking club» - ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын жетілдіруге және заманауи журналиске қажет құзыреттіліктерді дамытуға мүмкіндік беретін әлеуметтік жоба, – дейді ұйымдастырушылар.
Аталған клуб жұмыс барысында бүкіл әлемге танымал Cambridge English, Macmillan Academy, National Geographic Publishing, Pearson Education Ltd, Oxford English бағдарламаларына негізделген үздік тілдік тәжірибелерді пайдаланады. Клуб кездесулерін халықаралық сертификаттары бар білікті мамандар өткізеді.
Жобаның оқыту әдістемесі коммуникативтік тәсілге негізделген. Бұл журналистерге ағылшын тілінде еркін қарым-қатынас орнатып, пікір алмасуға мүмкіндік береді. Клубтың бейресми кездесулері аптасына екі рет онлайн және офлайн форматта өткізіледі, - деп атап өтті жоба жетекшісі Айгерім Шайхеслямова.
Сондай-ақ жетекші жоба қатысушыларын іріктеу аяқталғанын, осы аптада ағылшын тілінде сөйлеу клубының алғашқы кездесуі өтетінін айтты.