Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 25 маусымнан бастап Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі аралықтағы жол жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Достық көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары басталғанын хабарлайды.
Осы жылдың 25 маусымынан 5 шілдесіне аралығында Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады, – делінген ведомство хабарламасында.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, – деп толықтырды басқармада.