Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына баратын жолдағы жылдамдық сағатына 60 шақырымға дейін азайтылады.
Бұл туралы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі мақсатында 2020 жылдың 15 ақпанынан бастап Қабанбай батыр даңғылы бойында Мәңгілік Ел даңғылы мен жаңа әуежай көшесіне дейінгі бөлігі (Қаламаңы кентіне кіреберіс - ескерту) екі бағытта да жылдамдық режимі сағатына 70-тен 60 шақырымға дейін азайтылады, - делінген хабарламада.
Полициядағылар осы аймақта "Сергек" жүйесі орнатылғанын айтты.