Елордада жеңіл атлетикадан қайырымдылық эстафета жарысы өтті

7 Қараша 2022, 13:38
1036
Бөлісу:
Елордада жеңіл атлетикадан қайырымдылық эстафета жарысы өтті

Астана іргесінде орналасқан "Aspan" СК қалалық спорт басқармасының қолдауымен ҚР белбеу күрес және ұлтық күрес түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен елордадағы SOS балалар ауылының тәрбиеленушілері  арасында жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан қайырымдылық эстафета жарысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Шараның ашылу салтанатына ҚР белбеу күрес және ұлтық күрес түрлері қауымдастығының Президенті, генерал Абай Тасбулатов, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов және белгілі рекордшы Сергей Цырульников қатысып, балаларға жарыс жолында сәттілік тіледі.

Қайырлы күн құрметті қонақтар және жарыс қатысушылары! Бүгін міне  баларымызға  "Алматы" ауданы Полиция басқармасы, қалалық дирекция, "Astana Art, Group" ЖШС мерекелік көңіл күй сыйлап, балғын балаларымызға осындай  жарыс ұйымдастыруға барынша қолдау көрсеткендеріңізге алғысымды білдіремін. Бұл қайырымдылық эстафета жарысы тек бастамасы деп білейік. Балалар жылы аясында өтіп жатқан шарамыз алдағы жылда өз орнын табады деп сенемін,- дейді қалалық спорт басқарма басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов.

Қайырымдылық эстафетаға 30 - ға жуық SOS балалар ауылының тәрбиеленушілері қатысты. Олар эстафета таяқшалары арқылы бірнеше кедергілерді еңсерді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша  "SOS Қазақстан балалар ауылдарының" бірі Астана қаласында болса, қалған екеуі Алматы мен Теміртау қалаларында орналасқан. Балалар қарапайым қалалық мектептерге барып білім алады, үйірмелерге қатысады.

Шараның ашылу салтанатында балғындар үшін Астана қаласының каратэ шеберлері киокушинкай кан каратэнің қойылмдарын қойды.

Сондай-ақ, жарыс алдында  балалар елімізге танымал, қара күштің иесі – Сергей Цырульниковтың да өнерін тамашалады. Ол теріскейліктермен шағын сайыс ұйымдастырды. Алдымен өзінің 27 келілік қылышын жігіттерге бір қолымен тік көтерті. Ал, нәзік жандыларға шар ұстатып, өзі резеңке жылытқышты үрлеп жарысты. Бұл тапсырманы батырдың өзі бірінші орындап, көпшілікті таң қалдырды. Қонақтың шеберлігіне тамсанып қарап, шағын сайысына қатысушылардың да қатары көбейді. Осылайша, білікті жігітіміз Сергей қос шегені майыстырып, құрметті қонақтарға табыстады.

Айта кетейік, SOS Астана балалар ауылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршылық етеді. Яғни, қиын жағдайға тап болған отбасыларға, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, балалары бар SOS отбасыларға көмектесетін отбасын қолдау орталығы.

Жарыс соныңда эстафетаға қатысқан балақайларға медальдар, естелік сыйлықтар және демеушілер атынан сертификаттар табысталды.

Өзгелердің жаңалығы