Елордада жексенбіде автобустар тоқтатылмайды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі күні, 11 қазанда қоғамдық көлік қатынайтын болады. Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлады.</h4>

 8 Қазан 2020 2020, 14:05
8 Қазан 2020 2020, 14:05
2064

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі күні, 11 қазанда қоғамдық көлік қатынайтын болады. Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлады.

Ауа райының салқындауына байланысты, сондай-ақ, елордамыздың тұрғындары мен жұмыс берушілердің сұрауы бойынша жексенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылмайды. Бұл күні автобустар сағат 21:00-ге дейін жүреді.  Басқа күндері қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді, - делінген хабарламада.

Автобустар мен автопарктерде әдеттегідей әр айналымнан кейін және соңғы аялдамаларда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. 

Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.

Наверх