Астана қаласында қоғамдық көлікті жаңарту бойынша белсенді жұмыс жасалып жатыр. Қазақстан мен Қытай қоғамдық көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Былтыр Қытайдың HIGER BUS COMPANY LIMITED компаниясының сыртқы сауда компаниясының бас менеджері Gary Jiang мырза және Орта Азия нарығындағы компанияның өкілі Георгий Кан мырзалар келген болатын.
Бұл компания әлемдік нарықта автобус өндіруден алғашқы үштікке енеді. SCANYA компаниясының стратегиялық әріптесі болып табылады.Әріптестікті нығайту мақсатында, естелікке компания кілтінің макетін сыйлыққа тарту етті. Ондағы мақсат арадағы келісім мен татулық, достық қарым-қатынас бекіту.
Біздің паркке жоғарыда аталған сауда маркасының 21 автобусы келді, қазір елорда көшелерінде халықтың игілігіне пайдаланылуда. Биыл да қосымша 18 метрлік автобустар алу жоспарланып отыр, - дейді автопарк өкілдері.