Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елордада жаңа кәріз тазарту құрылғысы салынып жатыр

23 Тамыз 2025, 23:45
703
Бөлісу:
 жеке парақшасынан
Фото: жеке парақшасынан

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында салынып жатқан кәріз тазарту құрылысы жайлы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта шаруашылық-тұрмыстық ағынды су тәулігіне 254 мың м³ қуаттылығы бар кәріз тазарту құрылысында (№ 1 КТҚ) тазартылады.

Бас жоспарға сәйкес, 2035 жылға қарай қала тұрғындарының саны шамамен 2 млн 275 мың адамға жетеді.

Бұл шаруашылық-тұрмыстық ағынды судың едәуір артуына және қосымша тазарту құрылыстарын салу қажеттігіне алып келеді. Осыны ескере отырып, қалада жаңа кәріз тазарту құрылысын (№ 2 КТҚ), оған қоса кірме және шығару коллекторларын салу басталды. № 2 КТҚ-ның қуаттылығы тәулігіне 188 мың м³ болады, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Қала үшін маңызды бұл нысанды 2028 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы