Елордада жалған чек жасаған азамат 10 жылға сотталды

1 Қазан 2024, 05:18
333
Бөлісу:
Елордада жалған чек жасаған азамат 10 жылға сотталды
Фото: архив

Астанада алаяқтық және аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу ісі бойынша ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қалалық прокуратурасына сілтеме жасап.

2018 жылы сот үкімімен пара берушіге 672 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Ол жазадан жалтару үшін уәкілетті органға айыппұлды толық төлегені туралы жалған құжат ұсынған.

Қалалық прокуратура заңсыз әрекетті анықтап, сотталған ер адамның жазасын айыппұлдан 10 жыл бас бостандығынан айыруға ауыстырды.

Сотталушыға тағылған айыппұлды төлеуден жалтаруға көмектескен тұлға да ұсталды. Оның мүлкі тәркіленіп, 10 жылға темір торға қамалды. Сондай-ақ ол өмір бойына мемлекеттік қызметпен айналыса алмайтын болды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы