Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті 54 850 АҚШ доллары көлемінде жалған ақша ұстаған және сатқан бір топ адамға қатысты қылмыстық істі аяқтады.
Бұл туралы ҚМА баспасөз қызметі хабарлады.
Жасанды банкноттар елорданың валюта айырбастау пункттері, банкоматтар арқылы жеке шоттарды толтыру, сондай-ақ OLIMPBET букмекерлік кеңсесіндегі жеке шоттарға салу арқылы айналымға тартылды. Сот үкімімен азаматтар А.А.Жомарт, И.Х.Чекиев, Р.А.Иманбаев, Төлеутай Б.Е. шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген хабарламада.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды абай болуға және бейтаныс адамдардан шетел валютасын сатып алмауға шақырады.
Жалған ақша белгілері анықталған жағдайда дереу сенім телефонына хабарласу қажет.
Жасанды банкноттарды анықтау қылмыс емес, алайда, жалған ақша белгілерін сату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Оқи отырыңыз: