Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін,қасиетті жұма күні астанада тағы бір құлшылық үйі ашылды.
«Әр-Рахман» деп аталатын жаңа мешіттің ашылуына ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз арнайы қатысты.
«Аллаға шүкір, елімізде күмбезі көкпен таласатын үлкен мешіттер салынуда. Бұл егемендігіміз бен тұрақтылықтың арқасын. Бүгін ашылып отырған «Әр-Рахман» мешіті елордамыздағы он екінші мешіт болмақ. Лайым осы мешітіміздің іші жамағатқа толсын», - деді бас мүфти.
Сондай-ақ, мешіттің ашылуына келген дін қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері елорда жамағатымен бірге алғашқы жұма намазын оқыды.