Елордада заңсыз жұмыс істеген 32 такси жүргізуші ұсталды

30 Шілде 2022, 23:56
2539
Бөлісу:
Елордада заңсыз жұмыс істеген 32 такси жүргізуші ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. 19 шілдеден бері заңсыз жұмыс істеген 32 такси жүргізуші ұсталды, деп хабарлады қаланың полиция департаменті.

Жыл басынан бері кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысқаны, тиісті тіркеусіз іс-әрекеттерді жасағаны үшін барлығы 125 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 82 іс жақын шетелден келген заңсыз тасымалдаушыларға қатысты.

Сондай-ақ патрульдеу барысында полиция қызметкерлері шетелдік жүргізушілердің басқаруымен екі заңсыз таксиді ұстады. Екі жағдайда да Өзбекстан Республикасының азаматтары көлік басқарған.

Шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер коммуналдық тұраққа орналастырылды.

Өзгелердің жаңалығы