Елордадағы жылы аялдамалар ашылды

24 Қыркүйек 2020, 20:50
1312
Бөлісу:
Елордадағы жылы аялдамалар ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күннің күрт суығанына байланысты павильондарды ашу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Ауа-райының нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтанда жылы аялдамалар мерзімінен бұрын ашылды. Қазіргі уақытта павильондар санитарлық өңдеуден өтіп, тазартылуда.

Ауа температурасының төмендеуіне байланысты, сондай-ақ қала тұрғындарының өтініштері бойынша жылы павильондарды ашу туралы шешім қабылданды, - деп хабарлады елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Басқарма аялдама павильондарының бұрын карантинге жабылғанын атап өтті. Басқарманың мәліметінше, елордада 1307 аялдама бар, оның 1010-ы павильондармен жабдықталған, 105-і жылытылған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда күннің күрт суытуына байланысты жылыту маусымы мерзімінен бұрын басталғаны хабарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы