Елордадағы моншада 51 жастағы әйел бассейнге батып кетті

12 Маусым 2020, 10:53
2069
Бөлісу:
Елордадағы моншада 51 жастағы әйел бассейнге батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтандағы Тұран даңғылында орналасқан "Керемет" монша кешенінде әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Кеше, 11 маусым кешкі сағат 19:10 шамасында бассейнге батып кеткен 51 жастағы әйелдің денесі табылған.

Бұл туралы хабарлама 102 қызметіне келіп түсті.

Кейін анықталғандай, марқұм эпилепсия дертімен ауыратын ІІ топ мүгедегі болып шықты. Ол моншаға анасымен бірге барған.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жасалуда. Тергеу жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы