Астана, BAQ.KZ. Қоғамдық көліктердің қозғалысы аталмыш тұрғын үй алабына апарар жолдың су астында қалуына байланысты өзгеріп отыр. Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС-ның баспасөз қызметі хабарлады.
12 наурызда сағат 17:00-ден бастап №302, 303 және 320 бағдарлардың қозғалысы «Лесная поляна» тұрғын үй алабын су басуына байланысты өзгертілді.
«Бағдарлар тұрғын үй алабына кірмей, Республика даңғылының бойымен қозғалатын болады», - делінген таратылған хабарламада.