Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоршаған ортаны тазартуға арналған «Бірге - Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қызығушылық танытқан азаматтардың кеңінен қатысуына байланысты қала әкімі Алтай Көлгінов қосымша екі орынды – Майбалық көлі мен Вячеслав су қоймасын қосуды ұсынды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімі ұсынған жерлермен қатар 27 шілдеде акция аясында Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауларын тазарту жұмыстары жүргізілетін болады. 1500-ден астам табиғат жанашырларының қатысуы жоспарланған.
Қатысқысы келетіндердің барлығына Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі сағат 9.00-де Б.Момышұлы даңғылы, 1 мекенжайы бойынша орналасқан Astana Music Hall мейрамханасының тұрағында күтеміз.
Акцияның басталуы – сағат 10.00-де.
"Барлық астаналықтарды жақындары, балаларымен бірге келіп, туған қалаларының игілігін көруге шақырамыз", - делінген хабарламада.